ӘЛІПБЕК АРДАҚ

ӘЛІПБЕК АРДАҚ

педагогика ғылымдарының кандидаты

Әліпбек Ардақ Зәуірбекқызы 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Ақбастау елді мекенінде дүниеге келді. 1986 жылы Ақбастау елді мекеніндегі №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің бірінші сыныбына барып, 1997 жылы осы мектепті алтын белгімен бітірді. 1997 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға кәсіби оқыту мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2001 жылы үздік дипломмен бітірген. 2001 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың магистратура бөліміне оқуға түсіп, 2002 жылы педагогика магистрі академиялық ғылыми дәрежесін алған. Сонымен қатар, екі шет тілі, педагогика және психология мамандықтары бойынша бакалавр біліктілігін алған.

Әліпбек Ардақ Зәуірбекқызы – педагогика ғылымының кандидаты, аға оқытушы. 2002-2007 оқу жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институтында оқытушы; 2007 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институты педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы; 2008-2011 оқу жылдары Академиялық инновациялық университеті психология кафедрасының аға оқытушысы; 2011 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты психология кафедрасының аға оқытушысы.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Д 14.05.01 диссертациялық кеңесінде №27 20.10.2010 жылы 13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

2007 жылы Талдықорған қаласындағы Білім беру және ақпараттық жаңашыл технологиялардың ғылыми-зерттеу орталығында, 2008 жылы Тәжірибелік психология және психотерапия Еуразия институтында, 2011 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Білім сапасын талдау және біліктілікті жетілдіру институтында біліктілігін арттырған.

35-тен астам ғылыми-әдістемелік еңбектері жарық көрген. «Этнопедагогика» пәнінен электронды оқу құралы, «Этнопедагогика», «Педагогика», «Дене шынықтыру мәдениеті және спорт педагогикасы», «Кәсіби іс-әрекетке кіріспе», «Педагогикалық психология», «Психология пәнінен оқытушының басшылығымен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру», «Этнопсихология» және т.б. оқу-әдістемелік құралдардың авторы.