ОҢҒАРБАЙ ӘСІМБЕК

ОҢҒАРБАЙ ӘСІМБЕК

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Оңғарбай Әсімбек Мамрасылұлы 1943 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданының Арыс қаласында дүниеге келген.

1965 жылы Шымкент мемлекеттік педагогикалық иниститутының физика-математика факультетін физика және жалпы техникалық пәндер мамандығы бойынша бітіріп, Жамбыл облысы Шу ауданындағы Панфилов мектебінде мұғалім болып еңбек жолын бастайды. Кеңес Армиясы қатарында борышын өтеген соң, 1967-1982 жылдары Шымкент қаласындағы №12  мектеп-интернатта физика пәні мұғалімі, облыстық білім жетілдіру иниститутында кабинет меңгерушісі болып қызмет атқарды.

1982 жылдан өзі бітірген Шымкент педагогикалық институтында кафедрада оқытушы, аға оқытушы, доцент факультет деканының орынбасары, оқу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

1999 жылы Алматыдағы Абай атындағы Қазақтың педагогикалық университетінде  физиканы оқытудағы құрылымдық – қисынды "Сұлбалардың дидактикалық негіздері" деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды, 2002 жылы ЖАК шешімін доцент ғылыми атағына ие болды.

2011-2012 оқу жылынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика кафедрасында доцент қызметін атқарып келеді.