Ғылыми-педагогикалық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастық және білім саласындағы сыртқы байланысты нығайту мақсатында Ресей Ғылым Академиясының Биофизика институты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Биофизика және биомедицина», «Генетика және селекция» кафедралары, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің Н. Базанов атындағы «Физиология, морфология және биохимия», «Биологиялық қауіпсіздік», «Жеміс-көкөніс, химия және өсімдікті қорғау», «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедраларымен және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Биология» кафедрасымен келісім-шарттар жасалып, тығыз байланыс орнатылған. Биология ғылымының өзекті салалар бойынша дәріс оқу үшін аталған ЖОО-ның белгілі ұстаз ғалымдары кафедраға шақырылды. Осының айғағы ретінде 2013-2014 оқу жылында Биология кафедрасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті, белгілі зоолог, қазақ аудиториясы үшін «Зоология» оқулығын қазақ тілінде тұңғыш дайындаған автор,  б.ғ.к. Күлаш Адилбаевна Дәуітбаева 5В011300-Биология мамандығының 2 курс студенттеріне «Омыртқалылар зоологиясы», «Омыртқасыздар зоологиясынан» дәрістер оқып, оқу дала тәжірибесін ұйымдастыру әдістерімен студенттерді таныстырып, білім нәрімен сусындырды.

ҚР БҒМ тарапынан Ы.Алтынсарин медалінің иегері, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті, б.ғ.к. К.А. Дәуітбаева студенттермен бірге дөңгелек үстел өткізуде

Кафедра ғалымдары ғылыми-зерттеу жұмыстарын төмендегі ТМД жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста атқарады: Тольяти университеті, Курск мемлекеттік университеті, Мәскеу педагогикалық университеті, Қырғыз мемлекеттік университеті, ТашПИ, Омск мемлекеттік университеті,   Новосибирск мемлекеттік университеті.

Кафедарада ұтқырлық бойынша жұмыстар да жүйелі іске асырылуда. Мысалы Новосибирск мемлекеттік университетінің профессоры  С.П.Актершин жыл сайын физика-математика кафедрасының 1-курс студенттеріне “Физикалық процестерді моделдеу” тақырыбында дәріс жүргізіп отырады.