ҰЛЫ ДАЛА ТОПЫРАҒЫН ҰЛЫҚТАЙЫҚ

20.01.16

   ҰЛЫ ДАЛА ТОПЫРАҒЫН ҰЛЫҚТАЙЫҚ

 «ҰЛЫ ДАЛА ТОПЫРАҒЫН ҰЛЫҚТАЙЫҚ: КӨРКЕМ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ» Сіздерді осындай тақырыппен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында өткелі  отырған республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысуға шақырамыз.  Конференция   заманауи педагогикалық көркем білім беру мәселелерін зерттеп жүрген ЖОО ғалымдарының, докторанттар мен магистрантардың,  суретші-ұстаздардың, орта мектептерде дәріс беретін   бейнелеу өнері пәні мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу нәтижелері мен көкейкесті мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылып отыр.  Сондай-ақ конференция  аясында педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Тәңірбергеновтің жетекшілігімен  «ШЫМҚАЛА  ҚАҢТАРЫ» атты бейнелеу өнері мамандығы студенттері мен магистранттары арасында табиғат аясындағы пленэрлік байқау өтеді