Негізгі жетістіктер

Жаратылыстану факультетінде  «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері б.ғ.д., профессор Ә.Н. Халила (2006 жылы), доценттер О.Н. Қобланова (2008 жылы), Х.М. Сартаева (2007, 2011 жылы), Н.М. Байсеитова (2012 жылы) еңбек етеді. 2013 жылдың 6 желтоқсанындағы №508 куәлігімен б.ғ.к., доцент Х.М. Сартаева ғылым беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған.

     12 сәуір - Ғылыми қызметкерлер күніне орай ғылыми-зерттеу жұмысындағы жетістіктері мен институттың ғылыми өміріне белсенді үлес қосқан Х.М. Сартаева, Г.Б. Алпамысова, Ғ.М. Мәдібекова, Г.М. Баймаханова, А.Т. Ермекбаеваның еңбектері еленіп, институт ректорының алғыс хатымен марапатталды.      Жаратылыстану факультеті деканының  орынбасары қызметін химия ғылымдарының кандидаты, доцент Р.А.Қозыкеева атқарады. 1989-1994 жылдар аралығында М. Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтының Химия-биология мамандығы бойынша бітіріп, 1995-1999 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің “Физикалық және коллоидтық химия” кафедрасында аспиранты. 1999– 2008 жылдары Х.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің “Органикалық және физикалық химия” кафедрасында аға оқытушы, 2008 – 2011жылдары Х.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, АИУ-нің “Химия” кафедрасында доценті, 2011 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының «Химия» кафедрасында доценті. 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Жаратылыстану факультеті деканының орынбасары қызметінде.