«География» кафедрасының ұйымдастыруымен 5В011500 – «Құқық және экономика негіздері» мамандығы студенттерінің «Жемқорлық індет – күресу міндет» атты әдістемелік семинары өтті

11.12.2015 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты «География» кафедрасының ұйымдастыруымен 5В011500 – «Құқық және экономика негіздері» мамандығы студенттерінің «Жемқорлық індет – күресу міндет» атты әдістемелік семинары өтті. Аталған іс-шараға институттың аталған факультеттің оқытушы, студенттерімен бірге Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Төлешов Еркебұлан және Әл-Фараби аудандық прокурорының көмекшісі Асылбеков Балабек қатысты.

Ең алдымен, «Жемқорлық індеті және оның алдын алу шаралары» тақырыбында «Құқық және экономика негіздері» мамандығының студенті Зиятбек Дананың баяндамасы тыңдалды. Одан соң студенттер арнайы дайындаған видеороликті тамашаланып, соталды тергеп-тексеру процесі бойынша «Лауазымды тұлғаның пара алуы» фактісі бойынша сахналанған көрініс көрсетілді. Семинар соңында студенттер сот және прокуротура органдарынан келген қонақтардың баяндамасын тыңдап, өздерін мазалаған сұрақтар бойынша жауап алды.

1. Әл-Фараби аудандық прокурорының көмекшісі Б.Асылбеков:

Бүгін өткізіліп отырған осы шара сіздердің де бұл індетпен күресетіндеріңіздің дәлелі деп білемін. Бұл індет қоғам үшін өте ауыр жағдай. Жыл өткен сайын жемқорлық бойынша көптеген істер ашылып жатыр және қылмыскерлер жазасын алып жатыр. «Қылмыстың көп ашылуы, қоғамда заң қызметкерлерінің жұмыс істемей жатқандығынан қылмыс көбейіп жатыр» деген теріс түсінікті қалыптастырған. Бұл – қате пікір. Керісінше, заң қызметкерлері көп қылмысты ашып, бұл індеттің жойылуына күш салып жатқанын білдіреді. Сіздерге мені осындай керемет іс-шараға шақырғандарыңызға алғыс білдіремін және осындай іс-шараларды жиі өткізіп, жемқорлық деген індетпен күресуге шақырамын.

  1. Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Е.С.Төлешов:

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты «Құқық және экономика негіздері» мамандығының студенттері тарапынан ұйымдастырылған «Жемқорлық індет – күресу міндет» атты әдістемелік семинары осы оқу орнының студенттерінің белсенді жастар және еліміздің патриоттары екеніні дәлелдеп отыр. Оқу орнының басшылығына, ұйымдастырған оқытушыларына және студенттер құрамына алғысым шексіз. Әрбір өткізген іс-шараларыңыз ерекше әсерге бөлейді. Жемқорлық, расында да, емделуі қиын бір індет. Бұл індетпен тек заң қызметкерлері ғана емес, әрбір ҚР азаматы күресу керек. Кез келген індетпен күресудің тиімді жолы – оның алдын алу, түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу. Сонда ғана біз бұл індетті жеңе аламыз.

Ұсыныстар:

1.  «Құқық және экономика негіздері» мамандығының студенттері тарапынан ұйымдастырылған «Жемқорлық індет – күресу міндет» атты іскерлік-танымдық ашық тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті деп ескерілсін.

Студенттерге ҚР Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заң талаптары таныстырылсын.