Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бастамасымен, жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен семинар өткізілді

25.11.2015 ж. күні   Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында ОҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бастамасымен, жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен семинар өткізілді.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және онымен күресу» тақырыбында өткен семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Құрбанбайұлы Бақыт,  департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанттары Қаратаев Бағдан Нұрболатұлы, Жүндібаев Ғабит Өмірәліұлы, ОҚО Кентау қалалық мәслихатының бас маманы Жүнісбеков Мақсат Мирзахметұлы қатысты. Семинар барысында  аталған департамент тарапынан арнайы дайындалған бейнероликтер, слайдтар көрсетіліп, студенттер назарына статистикалық мәліметтер ұсынылды. Сұрақ-жауап кезеңінде студенттер тарапынан департамент қызметкерлеріне бірнеше сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.