«ЭКСПО-2017: Ақпараттандыру – қоғам дамуының болашағы» -Бектаев оқулары-2

18.01.16

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында өткізілгелі отырған  қазақ ғылымы мен оқу-ағарту ісіне еңбегі сіңген ұлағатты ұстаз ф.ғ.д., академик Қалдыбай Бектаевтың құрметіне  «ЭКСПО-2017: Ақпараттандыру – қоғам дамуының болашағы» -Бектаев оқулары-2 атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Халықаралық конференция Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында 2016 жылы 24 ақпан  күні өтеді.

Конференция жұмысына қатысуға конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар Қазақстан жоғары оқу орындары оқытушы-профессорлар құрамы мен ҒЗИ-тарының ғалымдары шақырылады.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

  • Ақпараттық технологиялар саласындағы маңызды зеттеулер;
  • Жаратылыстану және математика бағытындағы инновациялық зерттеулер;
  • Инновациялық білімді дамытудағы педагогикалық шеберлік;
  • Экспо-2017 шеңберінде ғылым мен гуманитарлық және білім беру инфрақұрылымның даму деңгейі.

Анықтама үшін телефон:  

Биманова Жания 8-778-412-34-13

Алимкулова Гаухар     8-777-604-03-36

Е-mail: OKMPI_Informatika@mail.ru