ОМАР ЕСЕНӘЛІ

ОМАР ЕСЕНӘЛІ

педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор

Омар Есенәлі Омарұлы 1962-1968 жылдары Шымкент педагогикалық институтында физика мамандығы бойынша оқып білім алды. Еңбек   жолын 1968 жылы Ленгір  қаласы  №2 қазақ  орта  мектебінде  1971  жылдың қараша  айына дейін  физика  пәнінің  мұғалімі қызметінде, онан соң сол мектепте  директордың  тәрбие  ісі   жөніндегі   орынбасары   қызметінде болды. Ғылыми - педагогикалық қызметі 1971 жылы Шымкент педагогикалық мәдениет институтында басталды. 1975-1976 жылдары Ленинград мәдениет институтында зерттеуші тағылымдамадан өтеді. 1977-1980 жылдары Москва мәдениет институтының күндізгі аспирантурасында оқып, 1981 жылы педагогика ғылымдары кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 1985 жылы доцент ғылыми атағын алды.   2002 жылы педагогика ғылымдары докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2005 жылы профессор атағы берілді.  Е.Омар –  250-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы. 1991 жылы «Қазақстандағы мәдени- ағарту жұмыстарының тарихы» оқулығы, 1993 жылы «Ауызша сөйлеу шеберлігі» оқу құралы, 1996 жылы «Көркемөнер шығармашылығы» оқу құралы, 2001 жылы «Қазақстандағы мектептен тыс мекемелер: қалыптасуы, дамуы» монографиясы, 2003 жылы «Қарым-қатынас мәдениеті» (Ю.Сапаровамен бірлестікте) оқу құралы, 2004 жылы «Қосымша білім беру ұйымдары тәрбие жұмыстарының негізі» монографиясы, 2008 жылы «Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру әдістемесі» (Ж.Ысқақпен бірлестікте) оқу құралы, 2009 жылы «Ауызша сөйлеу шеберлігі», «Мектептен тыс мекемелерде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негіздері» оқу құралдары, «Көркемөнер шығармашылығы (Ю.Сапаровамен бірлестікте) оқулығы, 2010 жылы «Воспитательная деятельность клубных учреждений Казахстана»  (1920-1937гг) монографиясы, 2011 жылы «Көркемөнер  шығармашылығы» (тарихы, теориясы,  технологиясы)  атты  оқулығы  жарық көрген. Екі ғылым докторын, төрт ғылым кандидатын даярлаған. 2009 жылы  Жоғары оқу орындарының «үздік оқытушысы» грантының иегері болды.  Кафедра  меңгерушісі,  декан, Қ.А.Иассауи  атындағы ХҚТУ  жанындағы   докторлық  диссертация   қорғау   кеңесінің   ғалым  - хатшысы  міндеттерін атқарды.