АСҚАРОВ АҚЖОЛ

АСҚАРОВ АҚЖОЛ

 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы

Асқаров Ақжол  Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы Майбұлақ ауылында 1943 жылы дүниеге келді. 1968-1973 жылдары  Шымкент педагогикалық институтында оқыды. 1976 жылға дейін Шымкент қаласындағы  Қ.Спатаев атындағы №7 қазақ орта мектебінде дене тәрбиесінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 1976-1987 жылдары облыстық  кешенді жоғарғы   спорт шеберлігі мектебінде жаттықтырушы, 1980 жылдан бокстан облыс құрама командасының аға жаттықтырушысы, 1987-1991 жылдар арасында  облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып қызмет істеді.

1991-1999 жылдары облыстық білім саласындағы спорт және дене тәрбиесі басқармасының бастығы қызметін атқарған. 1999-2007 жылдар арасында облыстық Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектеп-интернатының директоры болған.

А.Асқаров спорт мектебі Олимпиада ойындарының 1 жеңімпазын, бокстан Әлем біріншілігінің жеңімпазын, Азия чемпионатының 6 жүлдегерін, Әлем біріншілігінің жастар арасында 2 жеңімпазын, Әлем біріншілігінің бокстан 1 күміс жүлдегерін дайындап шығарды. Үздік еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының 10 жылдық мерейтойы» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен және ҚР білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісімен және «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» белгісімен марапатталды.

Асқар Ақжолов Шымкент қаласының  Құрметті азаматы, Қазақстанға еңбегі сіңген қызметкер, бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР спорт қайраткері, ҚР білім беру ісінің үздігі, КСРО спорт шебері, профессор, Санк-Петербургтың Халықаралық психология Академиясының Құрметті академигі. Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысының спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы.