Қазақстан жасампаз болашақ жолында

14.01.16

Қазақстан жасампаз болашақ жолында

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік институтының ұстаздары мен шәкірттері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары –қазақстандық арманға бастар жол» атты мақаласын талқылады.

- Бұл құжат - бес институттық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы. Іргелі елдің ілкімді стратегиясы. Өз сөзін осылай деп бастаған оқу ордасының ректоры Оңалбай Аяшев ел Президенті білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелерді ұдайы назарда ұстап, бұл салардың дамуына ерекше көңіл бөлетініне тоқталды. «Бұл жолы да Елбасы осы мақаласы арқылы елдің даму жолын айқындап берді.  Бұл мақсаттарды жүзеге асыруда ұстаздар қауымына артылар жүк те мол болмақ. Жаңа жылдан бастап Еңбек қатынастарын реттейтін заңдар күшіне енді. Енді мұнан былай мұғалімдердің еңбегі балдық жүйемен есептелетін болады. Мұндай жаңа жүйе  педагогтардың өз ісіне деген жауапкершілігін арттыратыны сөзсіз» деп түйіндеді  сөзін Оңалбай Аяшев.

Ал филология ғылымдарының докторы Валентина Нарожная 2016 жылдың келуімен Ұлт жоспарын жүзеге асырудың нақты кезеңі басталғанын айтты. «Болашақты болжаған нақты қадамдар қайта жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның бақылауымен жүзеге асырылады. Ендігі мемлекеттік органдар, қоғамдық институттар мен азаматтардың бір бірімен тығыз байланыста жұмыс атқаруы талап етіледі. Бұл жолда олар табандылық, жаңашылдық, талапшылдық танытуы тиіс.  Біз әрдайым бұл істердің іргесі мықты мемлекет пен ұлттардың берік бірлігі арқасында  жүзеге асатынын естен шығармауымыз қажет», деді ғалым.

Елбасы мақаласын талқылауда институт студенттері де өз ой пікірілерін  білдірді.

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
Image CAPTCHA
Суретте көрсетілген символдарды енгізіңіз.