Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық басқармасы

Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық басқармасы

Басқарма басшысы

Байғараева Аида Есимханқызы (PhD докторы)

Халықаралық байланыс және білім беру бағдарламалар бөлімі

Бөлім басшысы

Жамалова Камшат Абдукаимовна

Бас маман

 

   

Устемирова Дина

  • Маман 

Тургараева Салтанат(магистр)

Көптілді білім беру және академиялық ұтқырлық бөлімі

 

Маман

Төлебай Гүлзат (магистр)

 

Маман

Мәжіт Ақмарал

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің (ары қарай - ОҚМПУ) студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру, білім беру үдерісін жетілдіру, университеттің халықаралық байланысын дамыту мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011ж. 20 сәуірдегі № 152-бұйрығы негізге ала отырып, «ОҚМПУ-дің халықаралық ынтымақтастығы», «Ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру» және «Шетел мамандарын тарту және шақыру бойынша шығындардың есесін қайтару тәртібі» туралы ережелер бекітілді.

Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық басқармасы стратегиясы

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің негізгі мақсаты әлемдік деңгейдегі жаңа заман университеті ретінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің көшбасшылық позициясын нығайту мен жоғарылату  болып табылады.Университеттің халықаралық ынтымақтастық қызметінің негізгі бағытының бірі – халықаралық білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыру мақсатында  шетелдік университеттермен академиялық серіктестік орнату. Бүгінгі таңда  ОҚМПУ 50-ден аса танымал университеттермен және шетелдік ғылыми фондтармен  серіктестік орнатқан. Сонымен қатар, университет Еуропалық комиссияның ERASMUS MUNDUS бағдарламасы және т.б. секілді білім беру бағдарламаларына белсенді түрде қатысады.

Университеттің халықаралық ынтымақтастық бағытындағы дамуының стратегиялық мақсаттары:

  • зерттеу және оқу бағдарламалары сапасы бойынша халықаралық стандарттарға қол жеткізу;
  • тиісті білім беру бағдарламалары бойынша ОҚМПУ оқу жоспарын әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының оқу жоспарымен сәйкестендіру;
  • халықаралық білім беру үдерісінде студенттер және университет қызметкерлерінің мобильділігін арттыру;
  • қосдиплом бағдарламаларын енгізу және жүзеге асыру арқылы білім беру қызметі нарығында ОҚМПУ-ң бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • мұғалімдер, студенттер, университет қызметкерлерінің тілдік біліктілігін арттыру;
  • университеттің қаржылық тұрақтылығына халықаралық ынтымақтастық арқылы ықпал ету.

    Академиялық ұтқырлық бағдарламасы 

    Студенттерге арналған мәліметтер

    Академиялық ұтқырлық конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • Студенттің өтініші
  • паспорт көшірмесі
  • 3 тілде транскрипт (мем., орыс. және ағыл.) 106/2
  • 082/у медицналық анықтама (шетелге шығатындарға)
  • шетел тілдерін білу жөніндегі сертификат (ағылшын тілі - IELTS, TOEFL; –В2 және одан жоғары деңгейде тілді білу туралы сертификат) при наличии
  • фото 3х4, 6 дана
  • Академиялық ұтқырлық бағдарламасы екі бағытта студенттермен жұмыс атқарады.

    Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы – шет елдің беделді ЖОО-да І семестрге (4 айға) тегін оқуға жібереді.

    2019-2020 оқу жылында біздің университеттен 20 студент  Еуропаның Венгрия, Польша, елдерінің жоғары оқу орындарында білім алуда.  

    ОҚМПУ- дың 6 студенті Польша елінің Лодз университетінде өз білімдерін жетілдіріп келуге мүмкіндік алды.

    Лодзь университеті өз қызметін мәдениаралық және әлеуметтік интеграцияға бағыттайтын жауапты жоғары оқу орны. Қазіргі уақытта Лодзь университетінде 95 ұлт өкілдері оқиды.

    Лодзь университеті 1945 жылы құрылған және ұзақ уақыттан бері Польшаның ең үлкен және танымал университеттерінің бірі болып келеді. Университеттің 12 факультеті 160 мамандану бойынша бағдарламалар ұсынады.  

     

        

    14 студентіміз Венгрия елінің Карой Эстерхазы атындағы қолданбалы ғылымдар университетінде өз мамандықтары бойынша оқып жатыр.

  •  

    Карой Эстерхази атындағы Қолданбалы ғылымдар университеті (венгр. Eszterházy Kolyololy Egyetem, 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін - Эсцерхази Карол Фолкола) - Венгрияның Эгер қаласында орналасқан университет. Ол 1774 жылы құрылған; 1989 жылы ол оның негізін қалаушы епископ Эстерхазы Каройның құрметіне өзгертілді. Бұл университетте 8000-нан астам студенттер оқиды; оның ғимараттары бүкіл қалада орналасқан және ең кең барокко ғимаратын қамтиды.