Ұлағатты ұстаз рухына тағзым

13.01.16

Ұлағатты ұстаз рухына тағзым

Ұлы Отан соғысының ардагері, оқу орнының  қазыналы ұстазы, бірнеше ұрпақтың  тәлімгері болған Юрий Павлович Гриневичті сұм ажал арамыздан  алып кеткеніне міне 40 күннің жүзі болыпты. Тарих факультетін бітіріп институттан түлеп ұшқан, бүгінде түрі салада еңбек етіп жүрген жүздеген, тіпті мыңдаған азаматтардан ұстаз жайлы сұрай қалсаңыз барлығы бірауыздан ол кісінің есімін ең алдымен аузға алатына  шүбә жоқ.

Юрий Павлович 1927 жылы туылды. 1944 жылы 17-ге енді ғана толған өрімдей  жас Манчжуриядағы 38-ші атқыштар дивизиясының сапына шақырылып, жапон әскерлеріне қарсы соғысты. Оның қан майдандағы батылдығы мен өжеттігін  омырауына таққан «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдары айғақтап тұр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң  әскери училищеде оқып, білімін жетілдіреді. Білімге деген құштарлық оны 1954 жылы  Мәскеу мемлекеттік университетінің  тарих факультетіне жетелеп әкелді. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң жолдамамен  Шымкент педагогикалық институтына жіберіледі. Осында ұстаз бола жүріп ол өз мамандығының сұғыла білгірі және биік парасат иесі екенін танытты. Жоғары интелект иесі ғылымдағы, тарих пен әдебиеттегі жаңалықтар мен өзгерістерді жіті қадағалап отыратын. Сондай-ақ о ойнақы қалжың мен әзілге жүйрік дара қасиеті де  оның  кісілік келбетін  толықтырып тұратын.

 Юрий Павлович, ОҚМПИ ұстаздары және шәкірттері атынан сіздің рухыңызға біз әрдайым тағзым етеміз.