Сәбит Еркебұлан - Үздік Қобызшы

08.01.16

      Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Сәбит Еркебұлан халықаралық интернет байқауда лауреат атанып, І дәрежелі дипломды иеленді. Музыкалық байқаудың өтуіне  БҰҰ жанындағы ақпараттандыру академиясының «Дарындылар әлемі» деп аталатын балалар шығармашылығын қолдауға арналаған қор ұйытқы болды. Өнерімен көпке танылған қобызшы Айман Қарсыбаеваның  шәкірті Сәбит Еркебұлан бұл байқауда қыл қобызда ойнаудың шебер үлгісін көрсетті. Өнер додасына  шетелдік өнертанушы мамандар мен еңбек сіңірген музыканттар қазылық жасады.