БИІК МЕЖЕ,АЙҚЫН МАҚСАТ

06.01.16

БИІК МЕЖЕ,АЙҚЫН МАҚСАТ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты ғылыми кеңесі 31 желтоқсанда 2015 жылдағы соңғы мәжілісін өткізді. Жиында жаратылыстану, тарих және педагогика факультетерінің жыл бойына атқарған жұмыстары қорытындыланды. Жаратылыстану факультетінің деканы Ғани Исаевтың айтуынша жаңа жылдан бастап оқытушылар мен студенттердің ғылыми жобаларына айырықша көңіл бөлінбек. Енді бұл бағыттағы жұмыстардың әр тоқсан сайын қорытындысы жасалады. Сондай-ақ мәжілісте "G-Global» коммуникациялық алаңын ұйымдастыру және оның жұмысын жандандыруға байланысты түзілген іс жоспар қайта қаралды. Ғылыми кеңес мүшелері қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша білім алатын студенттер үшін білім ордасы сайтындағы видео және аудио сабақтардың санын көбейту қажеттігіне тоқталды. Ал тарих және педагогика факультеті басшылығына шәкірттерді қызығушылығына қарай түрлі үйірмеге қатыстыру жайы тапсырылды. Сонымен қатар әрбір ғылыми бағыт бойынша түсіндіру семинарларын өткізу жүктелді.