5В013000 – Тарих-дінтану мамандығы

5В013000 – Тарих-дінтану мамандығы

            5В013000 – Тарих-дінтану мамандығы институтымызда жаңа ашылған мамандық. Бұл мамандықтың білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сай негізделген.

Мамандар кәсіби қызметін мынадай салаларда іске асырады:

- Орта мектептерде, мемлекеттік, діни және қоғамдық ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ретінде және сарапшылар комиссиясы құрамында;

ҰҚК және ІІМ сараптама қызметінің, мемлекеттік басқару, сыртқы және ішкі саясат бөлімінің, дін істері комитетінің қызметкерлері;

- Дін тарихы мен теориясы, заманауи өркениеттің діни-философиялық мәселелері бойынша ғылыми-зертеу жұмыстарында ғылыми қызметкер;

- мемлекеттік және мемлекеттік емес орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары;

Бакалаврлар төмендегідей бағыттар бойынша арнайы дайындықтан өтеді:

  • Діндер тарихы
  • Дін философиясы
  •  Дін әлеуметтануы
  •  Дін психологиясы
  •  Дін антропологиясы
  •  Дін этика мен аксиологиясы
  •  Дін және өнер
  •  Дін және мәдениет
  •  Еркін ой және дін
  •  Дәстүрлі емес культтер мен эзотериялық ілімдер.
  •  Қазақстандағы дін мен мемлекет арақатынасы
  •  Қазақстандағы ислам
  •  Қазақстандағы православие

            5В013000 - Тарих-дінтанудың зерттеу пәні:

            Дінтану – бұл діни ілімдер тарихын және діни өмірдің институциялық формасын діни-мәдени мұра, діни өнер, діни жазба ескерткіштерін, діни білім және ғылыми зерттеу қызметі, дінге тән құқықты, діндер тарихының археологиялық ескерткіштерін, түрлі діни ілімдер мен діни ұйымдар арасындағы өзара қатынас тарихы мен қазіргі ахуалын зерттейді. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде дінтану зайырлы тұрғыдан оқытылады.

Дінтану пәні – тарихтың сан ғасырлық мұрасында жинақталған діни тәжірибе, діни мәдениет ескерткіштері, интеллектуалды және рухани мұралар болып табылады.

Барлық оқытушылар діни білімге, діни әдет ғұрыптар мен дәстүрлерге құрметпен қарайды.

Институтымызда оқытылатын діни ғылымдардың тақырыбы мен мазмұны қайырымдылық, ізгілік, адам сүйгіштік, патриотизм, толеранттылық, басқа дін өкілдеріне құрметпен қарау қағидаттарына сүйенеді.

Студенттер интернет және дінтану бойынша жаңа отандық және шетел әдебиеттерін пайдаланады. Еліміздегі діни орталықтарда, әкімшіліктердің ішкі саясат департаменттерінде, мектептерде және т.б. жерлерде практикадан өте алады.

5В013000 - Тарих-дінтану деген атаудың астарында адамзат тарихының барлық кезеңдерін қамтитын және қоғамның барлық салаларына үлкен ықпал ететін мәдениеттің ең қызық, күрделі салаларының бірін зерттейтін ғылыми таным жатыр.