5B011400 - Тарих

5B011400 –Тарих

            011400–«Тарих» мамандығының білім беру бағдарламасы ҚР жоғары білім міндеттеріне, жалпыміндетті стандартына және ОҚМПИ миссиясына негізделіп жасалған, нормативті-құқықтық базаның, нақты тұжырымдалған мақсаты, міндеттері және оған жету механизмдері бар гуманитарлық және әлеуметтанудың жоғары мектебінің құрамындағы Қазақстан және әлем тарихы кафедрасымен жүзеге асырылады. 

            Мамандықтың білім беру бағдарламасының мақсаты кәсіби және дербестік өсуге ынталанған, казіргі ақпараттық ағымдардағы тұтыну нарығына  бейімделген және хабардар, кәсіби қызметінде алғыр және ұтқырлы, бәсекеге қабілетті білікті білім бакалаврларды, жаңа формациядағы тарихшы-мамандарды дайындау.

            Мамандықтың білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері: тәжірибелік қызметінде қажетті іргелі білімдерді және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, ішкі және сыртқы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті педагог-тарихшылармен орта білім жүйесін қамтамасыз ету, еуропалық білім беру және ғылыми-зерттеу кеңістігінде интеграцияға қол жеткізу.

Бакалавр оқу үдерісінде пәндік-спецификалық және пәнаралық біліктілікке  ие болады.

            Жалпы білім беру құзіреттілік  қазіргі әлемнің саяси өмірінен және өз еліндегі саяси процестерден, қазіргі кездегі қоғамдық-экономикалық өзгерістерден, Қазақстан Республикасының қоғамдық-экономикалық және мәдени дамуынан хабардар болуына, конституциялық-құқықтық және заңнамалық нормаларды білуіне, қоғамдық қарым-қатынасты реттейтін және маманның іскерлік этикасын анықтайтын құлықтық-этикалық ережелерді игеруне, қазіргі гуманитарлық ғылымдағы категориялық-ғылыми аппаратты игеруге бағытталған.

            Кәсіби құзіреттілік отандық және әлемдік тарихтағы казіргі тәсілдер мен оқыту технологияларды игеруге, кәсіби білімдерді тереңдету мақсатында тарихи деректерді салыстырмалы-сәйкестік талдауға, жалпы орта білім беретін және орта арнайы білім беретін оқу орындарында базалық және іргелі профильдік пәндер негізінде тарихшы-педагогтың отандық және әлемдік тарихы бойынша этносаралық және мәдениетаралық коммуникациясын қалыптастыруға бағытталған. Бакалавриат 5В011400–«Тарих» мамандығының білім беру бағдарламасы ОҚМПИ стратегиясы, миссиясы, келешектегі көрінісі мен құндылықтарымен сәйкестірілген (2013-2015 жылдарға арналған институттың стратегиялық даму жоспары. – Шымкент, 2014; 2016-2020 жылдарға арналған институттың перспективалық даму жоспары. – Шымкент, 2014; www.okmpi.kz).

1. Бітірушінің кәсіби қызмет саласы

5В011400-«Тарих» мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады.

2. Бітірушінің кәсіби қызметінің нысандары

  1. негізгі және бейіндік мектептер;
  2. мамандандырылған мектептер;
  3. техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары болып табылады.

3. Бітірушінің кәсіби қызметінің түрлері 

  1. білімдік;
  2. эксперименттік-зерттеу;
  3. ұйымдастыру-басқару;
  4. әлеуметтік-педагогикалық;
  5. оқу-тәрбиелік;
  6. оқу-технологиялық болып табылады

4.Бітірушінің кәсіби қызметінің міндеттері

     білімдік қызмет саласында:

  1. білім алушыларды оқыту мен дамыту, оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру;
  2. педагогикалық процесті жобалау және басқару;
  3.  педагогикалық қызметттің нәтижелерін коррекциялау, жобалау, диагностика жасау;
  4. мектепте, орта арнайы оқу орындарында сабақ беру;

     эксперименттік-зерттеу қызметі саласында:

  1. ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып-білу;
  2. тарих бойынша білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және қорыту;
  3. педагогикалық эксперимент өткізу, оның нәтижелерін оқу процесіне енгізу;

    ұйымдастыру-басқару қызметі саласында:

  1. тарих бойынша білім беру мазмұнын әр түрлі деңгейде жоспарлау,
  2. оқыту процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістерін анықтау;

     әлеуметтік педагогикалық қызмет саласында:

  1. білім алушылардың өмір сүруіне, тәрбиеленуі мен дамуына қолайлы жағдай жасау және педагогикалық қолдау көрсету;

     оқу-тәрбиелік қызмет саласында:

  1. оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық процестің заңдары, заңдылықтары, принциптері, тәрбиелік механизмдеріне сәйкес іске асыру;
  2. сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарлау;
  3. нақты тәрбиелік міндеттерді шешу,
  4. тарих пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарда оқыту мен тәрбиенің әр түрлі формалары мен әдістерін таңдау және қолдану;
  5. оқушылар ұжымымен, осы сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен, ата-аналармен байланыс орнату;

     оқу-технологиялық қызмет саласында:

  1. оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану.