ОҚМПИ "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмеге қатысуға ниетті

21.12.15

ОҚМПИ "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмеге қатысуға ниетті
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты  "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің дайындығы мен құрылысына қатысуға ниетті отандық тауар өндірушілердің бүгін Шымкент қаласында өткен көрмесіне  қатысты.  Онда жиылған көпшілік  оқу ордасы  шәкіртерінің қолөнер бұйымдарын қызықтады.  Сондай-ақ  жоғары оқу орны 2017 жылы өтетін халықаралық көрмені тамашалауға келетін шетелдік туристерге қазақ, ағылшын, орыс тілдерін еркін меңгерген студент жастардан жасақталған    еріктілер тобының қызметін де ұсынып отыр.  Жалпы бұл жолғы көрмеге Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының 50-ден астам кәсіпорыны өз бұйымдарын жарнамалады.