Алматыда неміс тілі мұғалімдерінің 16-шы құрылтайы өтті.

27.11.15

Алматыда қараша айының жайма-шуақ күндерінде (06-07.11.15) Қазақстан неміс тілі мұғалімдерінің  16-шы құрылтайы болып өтті. Елдің бар аймақтарынан 200 – жуық мұғалімдер келіп, өз қалауымен 35 семинарға белсенді  түрде ат салысты. Олар онда бір-бірімен пікір алысып, сараптама жасап, өз ойлары және тәжірибелерімен бөлісті.       

        Құрылтай соңына қарай Қазақстан неміс тілі Мұғалімдері Одағының отырысында жаңадан Одақ Төрайымы сайланды. Ал құрылтайдың аяқталуына арналған керемет сый ол - № 18  мектеп оқушыларының  және ҚНУ студенттерінің қойған тамаша концерті болды.