Байжұманов Абдусаттар Абдукадирович

  1. Аты-жөні: Байжұманов  Абдусаттар Абдукадирович
  2. Білімі: Математик, Ташкент Мемлекеттік Университеті (1975 жыл)
  3. Академиялық атақ: доцент, 1992 жыл 
  4. Академиялық тәжірибе: 26 жыл
  5. Академиялық емес тәжірибе:  12 жыл
  6. Марапатталу және сыйлыққа ұсыну: ҚР Білім және Ғылым министрлігінің алғыс хаты (2010 ж). ӨР Халық тиглимнің үздік оқытушысы.
  7. Қызмет көрсету саласындағы қайраткерлігі (ұйымның құрамында немесе ұйымнан бөлек салада): 2008-2011 жылдардағы ҚР Білім және Ғылым министрлігі тапсырмасымен ҰБТ – да комиссиясы төрағасы ретіндегі қызмет және алғыс хатпен марапаттау.
  8. Соңғы бес жылдағы негізгі шығарылымдары және презентациялары-тақырыбы, бірлескен авторлар, қайда шыққан немесе/және презентация жасалғаны, презентацияның шыққан күні:

1) Логикалық өрнектердің Жегалкин полиномына ауысу формуласы және оның күнделік бағасы: Ізденуші ғылыми журналы, №1-2011 ж. “Қазақстанның ғылыми әлемі” халықаралық ғылыми журнал қосымшасы. Шымкент.

2) Кез келген базисте берілген дискреттік формулаларды ауыстырудың тиімді тәсілі: Қазақстан Халықтар достығы университетінің президенті Ә.М.Қуатбеновтың 70 жылдық мерей тойына арналған халықаралық ғылыми-практик.конференция 4-5 маусым, 2012ж.

3) Кез келген  базистегі логикалық формуланы түрлендірудің локал әдістері: ОҚМПИ дің 75 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-тәжір. конференция 19-20қазан, 2012 ж.

4) Дискреттік математика және математикалық логика (оқу құралы) Шымкент 2012 ж.

5) Математикалық логика негіздері (оқу құралы) Шымкент 2014 ж.

  1. Жаңа кәсіби, тәжірибелі-конструкторлық бағдарламаларда, ғылыми және ғылыми-конструкторлық бағдармаларда немесе кәсіби жетілдіріп дамытулардағы авторлық және бірлескен авторлық болу.