Дене шынықтыру және спорт факультеті

 Дене шынықтыру және спорт факультетінің тарихы

Шымкент педагогикалық институтында «Дене тәрбиесі» мамандығы  1966–1967   оқу жылында   ашылды. Алғаш рет 25 студент қабылданды.

1970–1971 оқу жылында «Дене шынықтыру» мамандығы  өз алдына «Дене  тәрбиесі» факультеті болып құрылды. Факультет деканы қызметін  М.М.Федосов атқарды.

1973–1982 жылдары аралығында «Дене тәрбиесі» факультет деканы қызметін аға оқытушы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы М.Б Сапарбаев атқарды.

1982–1987 жылдары факультетті халықаралық дәрежедегі төреші, аға оқытушы А.А.Виниченко, 1987–1990 жылдары  п.ғ.к., доцент  О.А.Аяшев басқарды. «Дене тәрбиесі» факультеті 1991жылы 1–қаңтардан жаңадан ашылған Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі  институтының құрамына кірді. Осы жылдар аралығында факультет көптеген жетістікке жетті. Спорт және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша  Шымкент педагогикалық институты республика бойынша  спорт мамандарын дайындауда және түрлі спорттық  жарыстар қорытындысында үшінші орында болды. Әсіресе факультеттің студенттері грек-рим күресі, гимнастика, велоспорт, жеңіл атлетика сияқты спорт түрлерінен  республика  бойынша алдыңғы орындарға ие болып келді. Атап айтсақ грек-рим күресінің жаттықтырушысы аға оқытушы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, Спорт шебері М.Б.Сапарбаев үнемі студенттер Универсиадасында командалық бірінші орынды иеленіп, 40-тан астам КСРО спорт шеберлерін дайындады. Бірінші Спорт шебері Ә.Ізбасқанов  Бүкілодақтық студенттер жарысында  Белоруссияның  Гомель  қаласында  чемпион атанды, екінші  орынға В.Хромов, үшінші орынға В.Петасюк ие болды. Сонымен бірге факультетте  жарыстарда  шеберлік көрсеткен С.Қуанышов, З.Теллеутаев, А.Израйлов, В.Кошелев, С.Торғауытов, Д.Тлемисов және  халықаралық  дәрежедегі спорт шебері Әлем  кубогына 4 рет ие болған, Европа  чемпионы, КСРО чемпионы, Шымкент қаласының  құрметті азаматы  Б.Дециев сияқты  студенттер білім алды. Кейіннен жаттықтырушы қызметін атқару барысында С.Қуанышов, Б.Хромов, Б.Потлов, В.Кошелев, М.Г.Гусейнов, А.Ершов ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы  деген құрметті атаққа ие болды.

Велоспорт түрінен студенттер  республика бойынша  бірінші орынды ешбір командаға берген емес. Велоспорт спорт шеберлері  Н.Реутов, Б.Шмелёв, А.Трошкин, А.Хустов, И.Яковенко Қазақстан құрамасында болды және Бүкілодақтық  студенттер  жарысында бірінші орынды  жеңіп  алды.

Спорттық гимнастикадан құрама командасы КСРО Спорт шеберлері Л.К.Несмеянова, С.Асылбеков,  В.Егошина,  Т.Горбушина, В.Щербаков студенттер жарысында екінші орынды жеңіп алды.

Жеңіл атлетикадан да  институт  құрама командасы  студенттер  арасында  өтетін  жарыстарда айтарлықтай табысқа жетті. Құрамада көптеген  талантты  жеңіл  атлеттер  болды. Атап айтқанда 100 метрге жүгіруде  А.Панченко, Р.Каримов, Т.Чернова, С.Старовойтова ұзындыққа секіруден  М.Ганнота, үш қадамдап секіруден  спорт шебері  Н.Брюханчиков,   800-метрге жүгіруде  С.Фамин,  Е.Горина, 5000–10000 метрге жүгіруде Р.Альметов. Бұлар әр уақытта Республика чемпионы  атағына ие болған спортшылар. Факультетте  спорттың басқа да түрлерінен  табысқа жеткен  студенттер болды, күрестен О.Аяшев, Е.Ириспанов, И.Тулеев, Ю.Тайров, бокстан Т.Ермекбаев, А.Асқаров, С.Қонақбаев, гимнастикадан     В.Чубаров.

Спорт факультетінің  түлектері жастарды тәрбиелеудегі еңбек жолында Қазақстан Республикасына  еңбек сіңірген жаттықтырушы  атағына ие болды. Олар: А.Асқаров (бокстан), М.Ганнота (жеңіл атлетикадан). В.Шайбаков (гимнастикадан), С.Көлбаев (бокстан), Э.Анастас (қол добынан). Сонымен қатар қала, облыс бойынша  мамандандарылған спорт мектептерінде басшылық қызмет атқарды. Мысалы, облыстық гимнастика мектебінің директоры,  Қазақстан  Республикасына  еңбек сіңірген жаттықтырушы В.Шайбаков, жеңіл атлетика мектебінің директоры,  В.Кравченко  Б.Саттарханов атындағы спорт мектебінің директоры,  п.ғ.к., доцент, Қазақстанға  еңбек сіңірген  жаттықтырушы  С.Көлбаев,  арнайы  спорт мектебінің (бокс, ұлттық ойындар) директоры, Қазақстанға еңбек сіңірген  жаттықтырушы,  п.ғ.к.,  доцент  Т.Пошымов.

   Дене тәрбиесі  факультетінің  түлегі,  Қазақстан  Республикасы   Парламент мәжілісінің  депутаты, педагогика ғылымдарының докторы, профессор  Аяшев Оңалбай  Аяшұлын, М.О.Әуезов  атындағы  ОҚМУ  «Дене  тәрбиесі және спорт» институтының  директоры қызметін атқарған Қазақстан  Республикасына  еңбек сіңірген жаттықтырушы, педагогика ғылымдарының кондидаты, профессор  Қобланов  Жанпейіс  Нұрмаханбетұлын  мақтанышпен айтуға болады.

 Халықаралық педагогика академиясының  академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы  Мардан Баймырзаұлы Сапарбаевтың Дене тәрбиесі факультетінің  дамуына, өрлеуіне  көп үлес қосқандығын ерекше айтып кету керек (1996 жылы мезгілсіз қайтыс болды).

Қ.А.Ясауи ХҚТУ Шымкент бөлімінің базасында 2001 жылдың 23 тамызында «Спорт» кафедрасы ашылды. Кафедра меңгерушісі  болып п.ғ.к., доцент М.Т.Темірханов  тағайындалды. «Спорт» кафедрасы  төмендегідей  екі мамандық  бойынша мамандар даярлады:

031140-«Дене  шынықтыру және спорт»;

031240-«Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру».

2004 жылы жоғарыдағы мамандықтар бойынша 54 түлек бітірді.

Қысқа мерзім ішінде ректораттың көмегімен  кафедраларда  оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстары мен спорттық  жарыстарды ұйымдастыру  жұмыстары  жолға койылды.

Қ.А.Ясауи атындағы  Халықаралық қазақ-түрік университетінің  Сенат шешімімен Шымкент институтында  2004 жылғы  2-ші  қарашадан бастап «Спорт» факультеті  ашылды, факультет деканы болып п.ғ.к., доцент М.Т.Темірханов тағайындалды. Факультетте 3 кафедра жұмыс атқарды:

1.«Спорт пәндері» кафедрасы. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к., аға оқытушы  Н.Б.Шегенбаев қызмет атқарды.

2.Анатомия, физиология және бастапқы  әскери  дайындық кафедрасы. Кафедра меңгерушісі  болып м.ғ.к., доцент  А.Б.Найзабеков қызмет  атқарды.

3.«Дене тәрбиесі» кафедрасы. Кафедра меңгерушісі қызметін  аға оқытушы  М.К.Мамбетов атқарды.  

2008 жылдың шілдесінде  ҚР   БҒМ шешімімен Қ.А Ясауи  атындағы Халықаралық  қазақ-түрік университеті базасында  Академиялық  инновациялық университеті  құрылды. Спорт факультеті «Спорт және психология» факультеті болып кеңейтілді. Факультетті ҚР еңбек сіңірген  жаттықтырушысы, ҚР құрметті спорт қайраткері, каратэдодон  VII-дан иегері,  п.ғ.к.,  профессор  Темірханов Мұзафархан Темірұлы басқарды. Факультетте 4 кафедра жұмыс атқарды: Атап айтсақ:

1.«Педагогика» кафедрасы. Кафедра меңгерушісі болып 2008 жылдың үздік оқытушысы,  Ы.Алтынсарин атындағы төс белгінің иегері,  ҚР білім беру ісінің үздігі,  п.ғ.д., профессор Сманов Ілесхан Сманұлы  қызмет атқарды. Педагогика  кафедрасы 5В010200-«Бастауыш оқытудың педагогикасы  мен әдістемесі», 5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарын даярлады.

2.«Психология» кафедрасы. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к., аға оқытушы Қойшиев Қалдан Елеуұлы қызмет атқарды. Психология кафедрасы 5В012300-«Әлеуметтік  педагогика және өзін өзі тану» мамандығын даярлады.

3.«Спорт  пәндері» кафедрасы. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к., Шегенбаев Нұрқасым Бейсенбайұлы қызмет атқарды. Кафедра 5В010800-«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындады.

4.«Дене тәрбиесі» кафедрасы. Кафедра меңгерушісі болып Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттақтырушысы п.ғ.к., профессор   Ордабаев Нағызбек Ордабайұлы қызмет атқарды. Дене тәрбиесі  кафедрасы сервистік қызмет көрсетті.

          2011 жылдың шілдесінде ҚР БҒМ шешімімен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты құрылды.

          Спорт және психология факультеті «Спорт және өнер» факультеті болып өзгертілді. Факультетті ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, ҚР құрметті спорт қайраткері, каратэ додан  VII-дан иегері  п.ғ.к., профессор Темірханов Мұзафархан Темірұлы басқарды. Факультетте 2 кафедра болды.

1.«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы. Кафедра меңгерушісінің  қызметін  ҚР спорт шебері, п.ғ.к., доцент  Шегенбаев  Нұрқасым Бейсенбайұлы атқарды.   «Дене шынықтыру және спорт»  кафедрасы  5В010800-«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім бакалаврларын дайындады.

2. «Музыкалық білім және бейнелеу өнері» кафедрасы. Кафедра меңгерушісі  қызметін п.ғ.к., аға оқытушы  Әріпбаева Ляззат Шәріпқызы атқарды.  «Музыкалық білім және бейнелеу өнері» кафедрасы  5В010700-«Музыкалық білім», 5В010600-«Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтары  

          2013 жылы «Дене тәрбиесі және әскери дайындық» факультеті ашылды. Факультет деканы қызметін  п.ғ.к., доцент  Қ.Наханов  атқарды.

«Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық» факультетінде төмендегідей мамандықтар  бойынша бакалаврлар даярлады. Олар:

1.5В010800-Денешынықтыру және спорт.

2.5В010400-Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру.

«Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Ө.Тұрысқұловтың басшылығымен білікті мамандар даярланды. «Дене шынықтыру» кафедрасы. Кафедра  меңгерушісі  п.ғ.к., аға оқытушы доцент  Е.Битабаров.

2018 жылы қыркүйек айынан «Дене шынықтыру және спорт» факультетіашылып, факультет деканы болып п.ғ.к., доцент Ө.Ж.Тұрысқұловтағайындалды. Факультет құрамындаекі кафедра жұмыс істейді.

1.«Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық»кафедрасы. Кафедра меңгерушісіп.ғ.к., доцент А.М.Испандиярова.

2.«Дене шынықтыру» кафедрасы.Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Е.Битабаров.