БҮРКІТБАЕВ ТАЛҒАТ 

БҮРКІТБАЕВ ТАЛҒАТ 

педагогика ғылымдарының кандидаты

Бүркітбаев Талғат Сансызбайұлы 1962 жылы Бәйдібек ауданы, Бөген ауылында дүниеге келді. Шымкент педагогикалық институтының көркем сурет және графика факультетін бейнелеу өнері, сызу және еңбекке баулу мамандығы бойынша бітірді. 1984-1988 жылдар аралығында Бөген орта мектебінде пән мұғалімі қызметін атқарған. 1988 жылдан жоғары оқу орнында қызмет атқарып келеді.

2002 жылдан Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының мүшесі. 2008 жылы Москва қаласында Москва мемлекеттік педагогикалық институтында кандидаттық диссертация қорғады. Бейнелеу өнері   пәнін оқыту әдістемесі саласында жарық көрген бірнеше ғылыми мақалалардың авторы.

2011-2012 оқу жылынан Т.С.Бүркітбаев Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының музыкалық білім және бейнелеу өнері кафедрасында аға оқытушы  қызметін атқарады.