ШУЛАНБЕКОВ БЕРКІНБАЙ

ШУЛАНБЕКОВ БЕРКІНБАЙ

 ҚР Мәдениет қайраткері

 Шуланбеков Беркінбай Латифұлы  1952 жылы    Төлеби ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келді. 1970 жылы Ленгір қаласында №2 Ш.Уалиханов атындағы орта мектепті бітіріп, Ленгір қаласындағы аудандық мәдениет бөлімінде суретші қызметін атқарған. 1971 жылы Кеңес армиясы  қатарына алынып, (Группа Советский Войск Германия), Герман Демократиялық Республикасында  әскери борышын атқарған.

1973-1977 жылдары Шымкент педагогика институтының Көркем сурет факультетін бейнелеу және сызу мамандығы бойынша үздік бітірген. 1991-1995 жылдары КазПУ-дің аспирантурасын бітірген. Шымкент педагогикалық институтында аға оқытушы, декан орынбасары, кәсіподақ ұйымының мүшесі қызметтерін атқарып келді.

2000 жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, 2001 жылдан Ерікті Кәсіподақ ұйымының төрағасы. 2007 жылдан Казақстан Республикасы Мәдениет қайраткері. Бірнеше рет облыстық және қалалық көрмеге М.Әуезовтің «Портрет» мүсінін, «Балалық шақ» мүсінін, «Ана портреті» мүсінін жасаған. Көптеген графикалық жұмыстардың авторы.

Б.Л.Шуланбеков қазір Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының музыкалық білім және бейнелеу өнері кафедрасының аға оқытушы және кәсіподақ ұйымының төрағасы  қызметін атқарады.