СИМОВА БИБАЖАР

СИМОВА БИБАЖАР

Симова Бибажар 1950 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,  Балаби ауылында дүниеге келген.

1973 жылы Шымкент педагогикалық институтының бейнелеу өнері, сызу  және еңбек мамандығы бойынша  бітірген. 1973 жылдан қаладағы №12 мектеп-интернатында сурет-сызу пәнінен дәріс берген. 1989-2011 жылдары  Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтының өнер факультетінде қызмет атқарған.

1970 жылы республикалық қолөнер жетістігі көрмесіне белсене қатысқаны үшін Құрмет грамотасы  және арнайы төсбелгісімен марапатталған. 1974 жылы сәндік қолданбалы өнерді дамытудың Бүкілодақтық байқау көрмесі, халық шеберлерінің шығармашылығы көрмелеріне қатысқаны үшін диплом және төсбелгісімен марапатталған.

1994 жылы республикалық білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Құрмет грамотасымен марапатталған.

2003 жылдан ҚРСО мүшесі. 2005 жылы ХҚТУ-дың академиялық доценті атағы берілген. 2005 жылы Дүние жүзілік «Қанатты әйел - 2» ұлттық жәрмеңкесіне қатысып, Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің арнайы дипломымен марапатталған.

Б.Симова қазір Шымкент университетінде қызмет атқарады.